Басты тақырып

Мемлекет басшысы Словения Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент бірлескен күш-жігердің арқасында сан қырлы ынтымақтастық екі халықтың игілігі үшін нығая түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Словения халқына бақ-береке тіледі.

Көп оқылғандар