Мемлекет басшысы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 5,7 триллион теңгеге жетіп, 11 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент өңірлер арасында екінші орынға шықты.

2025 жылы қала экономикасына 859,5 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 72 пайызы жеке инвестиция. Жалпы өсім 7,5 пайызды құрады. Соңғы үш жылда өнеркәсіпте құны 170 миллиард теңге болатын 50 жоба іске қосылып, 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 133 мыңға жетіп, олардың өнім көлемі 4,7 триллион теңге болды. Бұл өңірлік жалпы өнімдегі үлесті 41 пайыздан 56 пайызға арттырды.

Президентке биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталғаны баяндалды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 10,4 пайызға өсіп, бұл өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларында байқалды.

Мемлекет басшысына бұрынғы тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді. Қазір 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынып жатыр. Биыл 150 орындық оңалту орталығын пайдалануға беру жоспарланған.

35 мың жанкүйерге арналған заманауи стадион, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері мен боччаға арналған мамандандырылған кешен құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінуде.

Мемлекет басшысы Шымкентті одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жазбалар

Президент бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады. Кездесуде бала құқықтарын қорғау…

Алматы әуежайында құбырлар жолаушылардың үстіне құлай жаздады

Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде жолаушылардың маңына биіктен ажырып кеткен құбырлар құлаған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша,…

Конституция күніне орай екі күн демалыс берілуі мүмкін бе?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Конституция күніне байланысты демалыс күндерінің санын көбейту…