Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасының жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту және биыл сәуір айында Бұхара қаласында өткен мемлекеттер басшылары кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.
Президент әкімшіліктері, үкіметтер мен салалық ведомстволар арасындағы байланыстардың жандануы екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету үшін маңызды екеніне назар аударылды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.

