Басты тақырып

Мемлекет басшысы Конго Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны және оның отандастарын ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігер екіжақты ынтымақтастықты екі халықтың игілігі үшін дамыта беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоға қызметінде табыс, ал Конго халқына құт-береке тіледі.

Көп оқылғандар