Басты тақырып

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Президентінің Брюссельге ресми сапары басталды. Бельгия астанасының әуежайында Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.

Көп оқылғандар