Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және экономиканың әртүрлі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Президент холдинг құрамындағы Efes Kazakhstan және Coca-Cola Almaty Bottlers кәсіпорындарының Қазақстанда көп жылдар бойы табысты жұмыс істеп, жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және салық түсімдерін арттыруға үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Камиль Сулейман Языджи Мемлекет басшысына компаниялар тобының Қазақстандағы жұмыс қорытындылары мен жаңа инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективалары туралы ақпарат берді. Anadolu Group 30 жыл ішінде 1 миллиард долларға жуық инвестиция салып, 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан. Компанияның сусын өндірісі бойынша 5 зауыты бар, сонымен қатар Ақтөбе облысында 100 миллион доллар инвестицияланған алтыншы кәсіпорынның құрылысы басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіпті жаңғырту және жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Осы орайда Anadolu тобының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейтуге, оның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі экспортқа бағытталған және инновацияларды енгізуге, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыруға қызығушылық танытатыны жөнінде айтылды.

Ұқсас жазбалар

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.