Мәулен Әшімбаев: Екі палаталы Парламент 30 жыл бойы үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қорытынды отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев екі палаталы Парламенттің 30 жыл ішінде үйлесімді және нәтижелі жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сенат төрағасының айтуынша, Қазақстан Парламенті осы уақыт ішінде өкілді демократияның негізгі институтына айналды. Ол Парламент қабырғасында мемлекет тағдырын айқындаған тарихи шешімдер мен заңдар қабылданғанын атап өтті.

«Екі палаталы Парламент 30 жыл бойы үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс істеді деп айтуға толық негіз бар», — деді Мәулен Әшімбаев.

Спикер парламенттік реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген жаңғырту стратегиясының жалғасы екенін айтты. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, оның саясатына адал болатынын жеткізді.

Сенат өз тарихында 890-нан астам отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған. Әрбір оныншы заң депутаттардың бастамасымен әзірленген. Сондай-ақ 60-тан астам парламенттік тыңдау мен 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, Үкіметке 3 мыңға жуық депутаттық сауал жолданған.

Отырыста Сенаттың өңірлердегі қызметі, «Өңір», «Бір ел – бір мүдде» депутаттық топтары, «Ұлттық мүдде» диалог алаңы және Taldau community жобасының жұмысы жоғары бағаланды. Сенат инклюзивті қоғамды дамытуға және параспортты қолдауға арналған жобаларды жүйелі түрде іске асырып келеді.

Сонымен қатар сенаторлар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Бұл келісім екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

Калифорниядағы фан-аймақта атыс болып, бір жанкүйер қаза тапты

Калифорниядағы фан-аймақта атыс болып, бір жанкүйер қаза тапты. Сан-Хосе полициясы тергеу жүргізіп жатыр.

Ақтау маңындағы «Көгілдір шығанақта» екі жас жігіт суға батып кетті

Ақтау маңындағы «Көгілдір шығанақ» ауданында екі адам суға батып кетті. Бұл қайғылы оқиғаны Маңғыстау облыстық…

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.