Конституция күніне орай екі күн демалыс беру мәселесі қарастырылуы мүмкін

Сурет: Мagnific

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Конституция күніне байланысты демалыс күндерінің санын көбейту мүмкіндігі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін бұл мерекенің наурыз айында атап өтілетінін еске салды.

«Бұл күн міндетті түрде мерекелік және ресми демалыс күні болады. Ал екі жұмыс күніне қатысты мәселе жаңа кезеңде қарастырылуы мүмкін деп ойлаймын. Қазір бұл жөнінде нақты жауап беруге дайын емеспіз», деді В.Шегай Үкіметтегі брифинг барысында.

Сондай-ақ вице-министр мерекенің мәртебесін мемлекеттік мерекеден ұлттық мерекеге өзгерту мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, егер тиісті ұсыныстар түссе, министрлік мұндай мүмкіндікті қарастыруға дайын.

Еске салайық, бұған дейін Президент 15 наурыз Конституция күні болып белгіленетінін айтқан еді.

Ұқсас жазбалар

Астанада мектеп бітіру кеші 18 маусымда өтеді

Астанада 18 маусымда мектеп бітіру кеші өтеді. Әкімдік қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Астанада ойыншық автоматпен қорқытқан қызға айыппұл салынды

Астанада аялдамада ойыншық автоматпен адамдарды қорқытқан қызға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Президент бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады. Кездесуде бала құқықтарын қорғау…