Сурет: istockphoto.com
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырғандар саны 1274 адамға жетті. Соңғы деректер бойынша елде 360 адам көз жұмған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Конго Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, індеттен 100-ден астам науқас сауығып шыққан. Шамамен 500 адам оқшауланған медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр.
Қатерлі дерттен ең көп зардап шеккен Итури провинциясында 1165 жағдай тіркелген. Солтүстік Киву өңірінде – 106, Оңтүстік Кивуда 3 жағдай анықталған. Жалпы індет Итури провинциясының 23 ауданына тараған.
Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді.
15 мамырда Итури провинциясында 65 адамның өлімінен кейін елде Эбола індетіне байланысты эпидемия жарияланған болатын. 17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл індетке байланысты халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялады. Жуырда Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

