Сурет: istockphoto.com
Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, биылғы мамырдағы өлім-жітім деңгейі соңғы он жылдағы орташа көрсеткіштен 3,6 есе артық болған. Құрбандардың көпшілігі – 65 жастан асқан қарт адамдар.
Температураның ең жоғары мәні маусым айының соңында тіркелді. Қазір Испанияның көптеген провинциясында ауа температурасы 40 градусқа жетіп, ыстық сақталуда.
Өткен жылы жазда Испанияда аптап ыстықтан 1060 адам қайтыс болған еді. Осыған байланысты Испания премьер-министрі Педро Санчес қоғамдық ғимараттарда климаттық баспаналардың ұлттық желісін құру бастамасын жариялаған болатын. Ал биыл мамырда елде аптап ыстықтан 100-ден астам адам көз жұмды.
Биыл Еуропада рекордтық ауа температурасы тіркеліп отыр. Аптап ыстықтан кәрі құрлықта жаз басталғалы 1300-ден астам адам қайтыс болды.

