Categories Жайық news

Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-ға дейін өсті: Банктер қысымда қалды

Ипотекалық несие бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 25%-ға дейін рұқсат етілді. Бұған дейін жоспарланған 20% шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк бұл шешімді 2025 жылғы 1 қарашадан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін күшінде қалдырмақ. Қаулы 26 желтоқсанда тіркелген.

Ресми мәліметке қарағанда, шектің жоғарылауы базалық мөлшерлеменің 18% деңгейінде тұрақтап тұруымен байланысты. Мұндай жағдайда банктердің тиімді ипотека беруі қиынға соғып отыр.

«Егер мөлшерлеме 20% болып қалса, ипотекалық несиелеу мүлде тоқтап қалуы мүмкін еді», — деп мәлімдеді агенттік өкілдері.

Қазірдің өзінде кейбір қаржы ұйымдары ипотека ұсынуды төмендеткен. Сарапшылар шекті көтеру банк секторына уақытша дем беріп, нарықты сақтап қалудың амалы деп бағалап отыр.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…