Ингушетияда 8 жастағы Хизир Дербичевті жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды

Сурет: Әлеуметтік желі

Ингушетияның Сунжа ауданындағы Троицкое ауылында 8 жастағы Хизир Дербичевті жерлеу рәсімі өтті. Ол Сунжа өзенінен досын құтқармақ болып қаза тапқан еді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қоштасу рәсіміне Ингушетия, Шешенстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Кабардин-Балқар және Қарашай-Шеркес республикаларынан адамдар келді. Олардың көбі 8 күн бойы өзен арнасы мен маңайында жүргізілген іздеу жұмыстарына қатысқан. Іздеуді судың салқындығы, жаңбырдан кейін өзен деңгейінің көтерілуі және қатты ағыс қиындатты.

Қайғылы оқиға 15 маусым күні болды. Хизир екі досымен Сунжа өзенінің жағасында жүрген. Адам есімді бала суға құлап кетіп, ағыс қатты жердегі ағаш бұтағына немесе тамырына жармасып үлгерген. Хизир досына көмектесуге ұмтылғанымен, судың қатты ағысына төтеп бере алмай, өзі ағысқа кетіп қалған. Үшінші бала ересектерді шақыруға кеткен, соның арқасында Адам аман қалған.

Хизирдің көмегімен досы жағаға шыққанымен, өзін өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Баланың денесі 22 маусым күні кешке оқиға болған жерден шамамен 10 шақырым қашықтықта, Сунжа қаласындағы №4 мектеп маңынан табылды.

Әлеуметтік желілерде жұрт оны «кішкентай қаһарман» деп атап, 8 жасында ересектерге тән батылдық пен жанқиярлық танытқанын жазып жатыр. Көпшілік оның қауіптен қорықпай, өз өмірін құрбан ете отырып, досын құтқаруға бір сәт ойланбастан ұмтылғанын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Астанада жұмыс кезінде теміржолшы қаза тауып, артында жеті баласы қалды

Астанада 43 жастағы электромеханик жоғары кернеулі токқа түсіп, қаза тапты. Марқұмның жұбайы мен жеті баласы…

Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура

Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің таралу фактілері…

Бетін тұмшалап жүрген 1600-ден астам адам жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салынғанын еске салды. Бұл талап…