Жайық news

«Халықтық бақылау»: eGov mobile арқылы 6,3 мың өтініш түсті

Сурет: Жайық Пресс

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Халықтық бақылау» цифрлық сервистерін дамытуды жалғастырып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

eGov mobile қосымшасындағы «Халықтық бақылау» сервистері арқылы Қорға азаматтардан 6,3 мың өтініш келіп түсті.

eGov mobile-дағы «Денсаулық» – «Медициналық қызметтер тарихы» бөлімінде көрсетілген медициналық көмек туралы ақпаратпен, оның атауымен, көрсетілген күні мен уақытымен және қаржыландыру көзімен танысу мүмкіндігі пайда болды.

Пайдаланушылар арасында көрсетілген мәліметтер мен нақты алынған медициналық көмек арасында сәйкессіздік анықтағандар да бар. Осы өтініштер бойынша Қор тексеру жүргізіп, қарау нәтижелері бойынша шаралар қабылданады.

Көп оқылғандар