Басты тақырып

Грузия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстанға ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында құрметті мейманды қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.

Көп оқылғандар