Сурет: Аljazeera
Филиппиннің Таклобан қаласындағы орта мектептердің бірінде атыс оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан үш оқушы қаза тауып, тағы жеті жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі оқушы 38 калибрлі және 9 миллиметрлік тапаншалардан сыныптастарына оқ атқан.
Күдіктілердің бірі – тоғызыншы сынып оқушысы оқиға орнында ұсталды. Ал екінші күдікті кейінірек полицияға өз еркімен келген.
Филиппин президенті Фердинанд Маркос құқық қорғау органдарына оқиғаны жан-жақты тергеуді және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Елдің Білім министрлігі болған оқиғаны аса ауыр жағдай деп бағалап, қаза тапқан оқушылардың отбасыларына көңіл айтты.

