Сурет: Istockphoto.com
Бүгін Астана уақытымен сағат 18:34-те сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан. Түркістан облысы бойынша дүмпудің есептік қарқындылығы 2 балл болған елді мекендер: Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті; Жетісай ауданы, Жетісай қаласы; Келес ауданы, Абай ауылы; Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы; Шардара ауданы, Шардара қаласы; Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы; Төлеби ауданы, Ленгер қаласы; Сайрам ауылы; Манкент ауылы; Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы; Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы; Арыс қаласы; Ордабасы ауданы, Темірлановка ауылы; Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы; Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы.
Жамбыл облысы бойынша дүмпудің есептік қарқындылығы 2 балл болған елді мекендер: Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы; Байзақ ауданы, Сары-Кемер ауылы; Жамбыл ауданы, Аса ауылы; Т. Рысқұлов атындағы ауданы, Құлан ауылы; Талас ауданы, Қаратау қаласы; Мерке ауданы, Мерке ауылы.

