«Egemen Qazaqstan» тілшісі Байқал Байәділ Президент сыйлығын алды

Сурет: Ақорда

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Байқал Байәділ Президент сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында бірқатар журналисті марапаттады. Марапатталғандар арасында «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Байқал Байәділ де бар. Ол отандық журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығын алды.

Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан Байқал Байәділ 1986 жылдан бері осы салада үздіксіз еңбек етіп келеді. Ол бұрын Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде аудармашы, аға тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1994 жылы теледидар саласына ауысып, шолушы, 2002-2004 жылдары Ақмола облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары, 2004-2008 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры болды. 2009-2018 жылдары облыстық «Арқа ажары» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі ретінде өңірдің өзекті мәселелерін көтеріп жүр.

Байқал Байәділ төртінші, бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланып, аймақтың әлеуметтік-қоғамдық дамуына белсене атсалысты. Ол халықтың салт-дәстүрі, мәдени мұрасы жөнінде көптеген өзекті мәселелерді қаламына арқау етті. Журналист бірнеше рет Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Ұқсас жазбалар

Ғабит Мүсіреп: Мемлекеттік қолдау медиа саласына жаңа серпін береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистиканы дамытуға үлес қосқан медиа өкілдерін мемлекеттік наградалармен…

Қазақстанда шілдеде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілуі мүмкін

Синоптиктер 2026 жылғы шілдеге арналған алдын ала ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, елдің көптеген…

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Сыртқы істер министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.