Қаржы

Доллар 1,3 теңгеге арзандады: Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Сурет: istockphoto.com

10 қарашадағы Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 447,52 теңге болды. Бір тәулікте АҚШ валютасы 1,3 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның айырбастау орындарында шетел валюталары мына бағамен сатылып жатыр:

  • доллар: сатып алу – 447–448 теңге, сату – 449–450 теңге;
  • еуро: сатып алу – 497–501 теңге, сату – 504–507 теңге;
  • рубль: сатып алу – 5,17–5,22 теңге, сату – 5,25–5,30 теңге.

Айта кетейік, 9 қарашада Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 448,98 теңгені құрады.

Көп оқылғандар