Сурет: ҚФФ
Ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының қыркүйек және қазан айларындағы матчтарына қатысатын футболшылар тізімін жариялады. Құрамға «Бернли» клубында өнер көрсететін Дастан Сәтпаев енбеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
18 жасар шабуылшы Чемпионшипте өткізген кездесулердің бірінде алған жарақатынан әлі толық айықпаған. Осыған байланысты ол ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатыспайды.
Құрамаға қақпашылардан Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы») және Александр Заруцкий («Ақтөбе») шақырылды.
Қорғаныс шебінде Әлібек Қасым, Арсен Әшірбек, Сергей Малый, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Нұралы Әліп, Ян Вороговский мен Наурызбек Жағоров бар.
Жартылай қорғаушылар қатарында Рамазан Оразов, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Жасұлан Әмір, Георгий Жуков, Дамир Қасабулат пен Исмаил Бекболат шақырту алды.
Шабуыл шебіне Ислам Чесноков, Азамат Тұяқбаев, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Артур Шушеначев, Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов пен Елхан Астанов кірді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарына, 29 қыркүйекте Словакияға қарсы ойын өткізеді. Ал 2 қазанда Молдованы, 6 қазанда Фарер аралдарын өз алаңында қабылдайды.
Еске салайық, бұған дейін «Бёрнли» клубының бас бапкері Ники Хайен Дастан Сәтпаевтың халықаралық үзіліс кезінде алаңға оралатынын мәлімдеген еді.
