Басты тақырып

Бүгін Қазақстанда 5 орман өрті тіркелді

Сурет: Үкімет

28 маусымда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Экология министрлігінің мәліметінше, «Семей орманы» резерватында 2, ал «Ертіс орманы» резерватында 1 өрт болған. Өртті ерте анықтау жүйесінің арқасында ошақтар дер кезінде анықталып, оқшауланды.

Орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» мамандарының үйлесімді іс-қимылы өрттің таралуына жол бермей, барлығын қысқа мерзімде сөндірді. Өрттердің көбі найзағайдан шыққан.

Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және орман байлығына ұқыпты қарауға шақырамыз, — делінген хабарламада.

27 маусымда 3 орман өрті тіркелген еді.

Көп оқылғандар