Брюссельдегі дөңгелек үстел: Қазақстан жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің іскерлік орта өкілдері қатысқан «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға сөйлеген сөзінде Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипат алғанын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Оның үлесіне елге тартылған шетелдік тікелей инвестицияның жартысына жуығы тиесілі. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 45 миллиард доллардан асты. БҰҰ Сауда және даму ұйымының (ЮНКТАД) дүниежүзілік инвестициялар туралы соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан шетелден тікелей инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда бірінші орында, сондай-ақ посткеңестік кеңістік пен теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер арасында көшбасшылықты сақтап отыр.

Қазақстанда 4 мыңға жуық еуропалық компания жұмыс істейді. Олардың көбі, әсіресе Airbus, Polpharma Group, Air Liquide Group, Škoda Group және Alstom секілді компаниялар ондаған жылдар бойы сенімді серіктес болып келеді. Сонымен қатар еуропалық инвесторлардың жаңа буынын қарсы алуға дайынбыз. Олардың қатарында Roca Group, Inditex, Maersk, Dewulf және Damen Shipyards Group сияқты танымал компаниялар бар, деді Президент.

Мемлекет басшысы осы сапар барысында жалпы сомасы 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестіктің тұжырымдамалық тәсілдерді пысықтаудан нақты әрекетке көшкенін көрсетеді. Президент Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық жетістіктері мен осы нәтижеге жеткізген жүйелі өзгерістер туралы айтты.

Ұқсас жазбалар

Президент: Бельгия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевер екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі…

Астанаға бағыт алған Red Wings ұшағы Екатеринбургке кері қайтты

Екатеринбургтен Астанаға ұшқан Red Wings әуе компаниясының жолаушылар ұшағы техникалық ақау салдарынан кері қайтты.

Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ пен Еуропалық инвестициялық банктің жоғары лауазымды өкілдерімен кездесу өткізді.