Сурет: Egemen Qazaqstan
Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы маңызды келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта Мемлекет басшысына құрмет көрсетіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапар алдында Euronews ресурсында жарияланған мақаласымен жете танысқанын айтты. Оның сөзінше, материалда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың үш негізгі басымдығы көрсетілген. Атап айтқанда, тұрақтылықты нығайту, өзара байланысты кеңейту және азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға баса назар аударылған. Бұл бағыттар екіжақты қарым-қатынастың ортақ күн тәртібіндегі Брюссельдің ұстанымдарымен сәйкес келеді.
Еуропалық Кеңес Президенті Қазақстанның географиялық орны, бірегей тарихы мен мәдениеті Еуропа мен Азия арасында көпір бола алатынын атап өтті.

