Жайық news

БҚО-да жас мамандарға берілген қаржы қайтарылуда

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында прокуратура бюджет қаражатының заңды пайдаланылуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ауылдық жерге келген жас мамандарға біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілген, оның шарты бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеу міндеттелген. Алайда қолдау алған қызметкерлер міндеттемелерін орындамай, жұмыстан шығып кеткен және мемлекеттік бюджеттен алған қаражатын қайтармаған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сотқа берешекті өндіру туралы талап арыздар берілді», — деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз орталығы.

Сот барлық талап арыздарды қанағаттандырды. Қазіргі уақытта атқару парақтары мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушыларына жіберілген. Прокуратура заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік мүдделерді қорғау жұмысын жалғастыруда.

Көп оқылғандар