Сурет: Жайық Пресс
Облыс әкімі Нариман Түреғалиев қытайлық Jiangxi Provincial Building Materials Group және SINOMA-CDI компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар Таскалин ауданында цемент зауытын салу жобасын талқылады. Жобаның жалпы құны — 70,2 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 1 млн тонна цемент өндіруге есептелген. Жоба жүзеге асырылса, 300 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар тараптар өндіріс алаңын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және құрылыс мерзімін сақтау мәселелерін қарастырды.
Өңір басшысы өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа өндірістер ашу және шетелдік инвестициялар тарту облыс экономикасының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Ол жауапты басқармаларға инвесторлармен бірлескен жұмысты жандандырып, жобаны іске асыруға қатысты мәселелерді шешуді тапсырды.
Мазмұнға өту
