Жайық news

БҚО әкімінің орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдады

Сурет: Жайық Пресс

Облыс әкімінің орынбасарлары Тілепберген Қайыпов пен Қалияр Айтмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Бірқатар аудан әкімдері селекторлық режимде қосылды.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік инфрақұрылым және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін көтерді.

Атап айтқанда, облыс әкімінің орынбасары Т. Қайыповтың қабылдауында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, мүгедектік белгілеу, әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ инфрақұрылымдық мәселелер қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүгінген азаматтар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбырларын жаңғырту және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселелерін айтты.

Облыс әкімінің орынбасарлары жауапты атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, әр мәселені қолданыстағы заңнама шеңберінде шешудің мүмкін жолдарын қарастырды. Тиісті салалық ведомстволардың басшыларына көтерілген проблемаларды жан-жақты зерделеу және нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

Көп оқылғандар