Астанадағы тұрғын үйдегі өрттен төрт адам құтқарылды

Сурет: ТЖМ

Астананың Байқоңыр ауданындағы Отырар көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйде өрт болды. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, ашық жалын толық сөндірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде, жоғарғы қабат балкондарының өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ мәліметінше, өрт 40 шаршы метр аумақты қамтыған.

Қызметкерлер құтқару маскаларын қолдана отырып, 4 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Сонымен қатар, 10 адам ТЖМ күштерімен эвакуацияланды,

делінген хабарламада. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұқсас жазбалар

Астанада өрттен 4 адам құтқарылды

Астанадағы 13 қабатты үйде шыққан өрттен 4 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. Өрт 40…

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері…

Астанада жұмыс кезінде теміржолшы қаза тауып, артында жеті баласы қалды

Астанада 43 жастағы электромеханик жоғары кернеулі токқа түсіп, қаза тапты. Марқұмның жұбайы мен жеті баласы…