Астанадағы марафонға әлемнің 30 елінен қатысушы келеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

7 маусымда Астанада бесінші рет Astana Half Marathon өтеді. Биылғы ең ауқымды жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 7 мыңға жуық адам қатысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың сөресі мен мәресі «Қазақ елі» монументі маңындағы Тәуелсіздік алаңында орналасады. Қатысушылар Астананың басты көшелері мен көрікті жерлерін жүгіріп өтеді. Ұйымдастырушылар іс-шараға спортшылармен қатар жанкүйерлер мен қонақтар да келе алатынын хабарлады.

Қатысушыларға төрт түрлі формат ұсынылады: 21,1 шақырымдық жартылай марафон, 10 шақырымдық жүгіріс, 10 шақырымдық скандинавия жүрісі және «Экиден» команда эстафетасы. Жарысқа кәсіби спортшы да, әуесқой жүгіруші де қатыса алады.

Белгіленген уақыт ішінде мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль табысталады. Іс-шарада Қазақстан жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп 21,1 шақырым қашықтық бойынша ел чемпионаты да ұйымдастырылады. Чемпионатқа елдің үздік желаяқтары қатысып, нәтижесі федерацияның ресми есебіне енеді.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.