Басты тақырып

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Сурет: Ашық дереккөз

Астанада Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан Баршын көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жұмыстар 9-20 маусым аралығында жүргізіледі. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Көп оқылғандар