Астанада қыз баланы құтқарған екі азамат полиция марапатына ие болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада белгісіз ер адамның шабуылынан қыз баланы арашалап қалған екі тұрғын полиция департаментінің марапатына ие болды. Оқиға қалалық саябақтардың бірінде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасауға әрекеттенген кезде, қыз көмекке шақырып айқайлаған. Оның дауысын жақын маңда отбасымен демалып отырған азамат естіп, бірден көмекке ұмтылған. Көп ұзамай оған тағы бір куәгер қосылған.

Екі азамат күдіктіні ұстап, құқық қорғау органдары келгенге дейін оқиға орнында бақылауда ұстаған. Көрсеткен батылдығы мен азаматтық ұстанымы үшін Әнуар Мусин мен Павел Саськов Астана қалалық полиция департаментінің арнайы марапатына ие болды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олардың жедел әрі батыл әрекетінің арқасында ауыр салдардың алдын алу мүмкін болған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға дәнекер болған дипломатиялық әрекетімен…

Астанада жаяу жүргіншілер жолымен көлік жүргізген адам 10 тәулікке қамалды

Астанада Президент саябағының жаяу жүргіншілер жолымен көлік жүргізген жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Президент төрт облыс әкімінің есебін тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады.