Сурет: Бейнежазбадан
Астанада учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов 8-қабаттан секірмекші болған әйелдің өмірін сақтап қалды. Оқиға туралы полицияға жақын маңдағы тұрғындардың бірі хабарлаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полицей оқиға орнына тез жетіп, алдымен әйелді сабырға шақырып, жоғарыға көтерілгенше уақыт ұтуға тырысқан. Кейін қолайлы сәтті пайдаланып, әйелді қауіпсіз жерге тартып шығарған. Қазір әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Учаскелік полиция инспекторының жедел әрі батыл әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. Мұндай сәттерде әр минут маңызды, ал қызметкердің кәсібилігі орны толмас жағдайға жол бермеді, — делінген Астана қаласы Полиция департаментінің мәлімдемесінде.

