Сурет: Видеодан алынған кадр
Астанадағы аялдамалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерді қадағалау барысында полиция қызметкерлері аялдамада түсірілген видеоны анықтаған. Онда қыздың автоматқа ұқсас затты әр жаққа бағыттап тұрғаны көрінеді. Кейін оның ойыншық екені белгілі болды.
Полиция мәліметінше, қыз ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылған.
Тексеру кезінде оның қолындағы заттың ойыншық автомат екені анықталды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды (2026 жылы бұл 86 500 теңгені құрайды), деп нақтылады полиция өкілдері.

