Сурет: ТЖМ
Астана қаласы Байқоңыр ауданы Т. Хусейн көшесінде екі шаруашылық құрылысы өртке оранды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрттің жалпы ауданы 75 шаршы метрді құрады. Сөндіру кезінде бір газ баллоны мен үш оттегі баллоны шығарылды. Осылайша ТЖМ қызметкерлері ықтимал қауіптің алдын алып, өрттің таралуын шектеді.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

