Астанада екі лифтіні бүлдірген ер адам ұсталды

Сурет: Бейнежазбадан

Астанада полиция қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің бірінде тәртіп бұзып, екі лифтіні зақымдаған ер адамды анықтады. Күдікті ретінде 34 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 маусым күні кешке Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Бақылау камераларына түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан ер адамның лифтіге кіріп, кабина есігі мен ішкі қаптамасын жұдырықтап, бүлдіре бастағанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға салдарынан екі лифт зақымданған.

Тұрғындардың болжамынша, ер адам оқиға кезінде мас күйде болуы мүмкін. Бейнежазба жарияланғаннан кейін тұрғындар құқық бұзушының жеке басын анықтап, ортақ мүлікке келтірілген залал үшін жауапқа тартуды талап етті.

Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Алдын ала есеп бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құраған.

Ұқсас жазбалар

Voenmart: әскерилер азық-түлік пен тауарларға онлайн тапсырыс бере алады

Қазақстан Қарулы күштерінде мерзімді қызметтегі сарбаздарды сауда-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге арналған Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп…

Астанада 85 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

23 маусымда Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, соңғы 85 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке…

Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өлімінің себебін атады

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы…