Сурет: Depositphotos.com
Астанада екі көшенің жалғасқан учаскелерінде 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
27 маусым мен 1 шілде аралығында келесі көшелерде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты автокөлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескерулерін сұраймыз, — делінген хабарламада.

