Астанада автобус пен пойыз соқтығысып, жүргізуші жауапқа тартылды

Сурет: Видеодан скрин

Астанадағы Лесозавод ауданында орналасқан теміржол өткелінде №30 бағыттағы қоғамдық көлік пойызбен соқтығысты. Полиция автобус жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Iveco» автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өткен кезде тепловозға жол бермеген.

«Апат салдарынан автобус инерциялық жағдайда Hyundai автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ. Осы факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Бұл іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген. Аталған бап теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзуға қатысты. Автобус жүргізушісі 9 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Әл-Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіге 10 жыл жаза сұрады

Алматы сотында прокурор Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша айыпталушы Александр Пакты кінәлі деп танып, оған…

Қатардағы зауытта жарылыс: 54 адам зардап шекті, 18 адам із-түзсіз жоғалды

Қатардың Рас-Лаффан қаласындағы зауытта жарылыс болып, 54 адам зардап шекті, 18 адам із-түзсіз жоғалды.

Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 22 маусым күні Астана қаласы мен еліміздің 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.…