АҚШ-та 64 жастағы әйел қызы мен төрт немересін улап өлтірді

Сурет: Bild

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында қайғылы оқиға болды. Полиция 64 жастағы Эми Стедманның үйінен алты адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, мәйіттер үйде кемінде екі апта жатқан. Олар 23 маусымда табылғанымен, бұл туралы ақпарат жақында ғана жарияланды. Қаза тапқандардың барлығы бір отбасының мүшелері: Эми Стедман, оның 44 жастағы қызы Сара Майерс және оның 13, 11, 10 жастағы егіздері.

Тергеушілер үйден 64 жастағы әйелдің отбасын өлтіргенін көрсететін айғақтар тапқан. Полиция басшысы Уильям Рэббиттің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, олар рецептсіз және дәрігер тағайындайтын дәрі-дәрмектердің көп мөлшерін пайдаланып әдейі уланған. Оқиға орнынан қоштасу хаты да табылған.

Тергеудің болжамынша, қайғылы оқиғаға балалардың қамқорлығына қатысты дау себеп болуы мүмкін. People журналының мәліметінше, оқиғаға дейін балалардың әкесіне олармен 60 күн бойы кездесуге рұқсат берілген. Тергеушілер Эми Стедман немерелерін қызының қамқорлығынан алып кетуге жол бермеу үшін осындай қадамға барған болуы мүмкін деп есептейді.

Ұқсас жазбалар

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус шатқалға құлап, 40 адам қаза тапты. Апат кезінде автобуста 48 адам болған, 8…

Мемлекет басшысы Беларусь президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Президент Аида Балаеваға мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясатты күшейту жөнінде тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.