Categories Жайық news

АҚШ Сенаты Трамптың Венесуэлаға қарсы соғыс қимылын шектеуі мүмкін қарарды қабылдады

АҚШ Сенаты Венесуэлаға қатысты әскери күш қолдану мәселесінде президент Дональд Трамптың өкілетін шектеуі мүмкін қарарды мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Reuters агенттігінің дерегінше, құжатты 52 сенатор қолдап, 47 сенатор қарсы дауыс берген. Қарсы болғандардың арасында Республикалық партия өкілдерінің бір бөлігі де бар.

Қарардың мәні – АҚШ президенті Конгрестің келісімінсіз Венесуэлаға қарсы әскери қимыл бастай алмайды. Сенаторлар аталған елге байланысты шешім қабылдауда заң шығарушы биліктің рөлін күшейтуді көздейді.

Бұған дейін осыған ұқсас бастамалар бірнеше рет күн тәртібіне шыққанымен, қабылданбай қалған. Ақпаратта 2025 жылдың күзіне қарай Венесуэлаға қатысты әскери қысымның күшейгені де айтылады.

Енді дәл осындай дауыс беру қаңтардың соңында АҚШ Өкілдер палатасында өтеді деген жоспар бар. Егер төменгі палата да қолдаса, құжаттың әрі қарайғы тағдыры Конгрестегі рәсімдерге байланысты шешіледі.

Осы жағдай аясында Дональд Трамп Венесуэла туралы мәлімдеме жасап, АҚШ бұл елді ұзақ уақыт бақылауда ұстай алатынын және мұнайдан түсетін табысқа ықпал ете алатынын айтты.

Трамптың айтуынша, америкалық тарап венесуэлалық мұнайды пайдалануға және елге қаржылай қолдау көрсетуге ниетті.

Еске салайық, 3 қаңтар күні Каракаста өткен америкалық операция кезінде Венесуэла басшысы Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, АҚШ-қа әкетілгені хабарланған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…