Сурет: Александр Павский/ Kazinform
Алматы халықаралық әуежайы аумағында болған оқиғаға байланысты қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 маусым күні құрылыс жұмыстары кезінде құбырлар құлаған. Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында тіркелген.
Қазір басқарма оқиғаның мән-жайын анықтап, материалдар жинақтауда. Кейін олар прокуратураға жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін жолданады. Тексеру барысында құрылыс нормаларының сақталуы мен құрылыс-монтаж жұмыстарының заң талаптарына сәйкестігі бағаланады. Егер бұзушылықтар анықталса, жауапты тұлғаларға заң аясында шара қолданылады, — делінген ведомство хабарламасында.

