Басты тақырып

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Сурет: Алматы әкімдігі

«Қазгидромет» РМҚ 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының көп бөлігіне әсер етеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қатты жаңбыр 9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде, сондай-ақ 11 маусымда оңтүстік-шығысында күтіледі.

Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Бүгін Қазақстанның 17 облысы мен Астана қаласында күн райына қатысты ескерту жарияланған.

Көп оқылғандар