Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды

Сурет: Әлеуметтік желіден

Мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар әскерде қызмет ету кезінде алған ауыр ми жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы оның отбасының мүддесін қорғаған адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Өкінішке қарай, бүгін Ербаянның жүрегі тоқтағанын білдік. Бұл жазба қоштасу үшін ғана емес. Өйткені Ербаян осы екі жыл ішінде өзінің өмірі үшін күресе отырып, мыңдаған сарбаздың тағдырына әсер етті. Оның оқиғасы арқылы әскердегі көптеген мәселе ашық айтыла бастады. Бұрын үнсіз қалған ата-аналар сөйледі. Қоғам талап қоя бастады. Мемлекеттік органдар жауап беруге мәжбүр болды. Кейде бір адамның тағдыры тұтас бір жүйені өзгертуге түрткі болады. Ербаян сондай азаматтардың бірі болды», деп жазды Инга Иманбай.

Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында кома жағдайында ауруханаға түскен еді. Ұлттық ұланның әскери бөліміндегілер сарбаздың дәретханада құлап, басын соғып алғанын хабарлаған. Алайда оның ата-анасы ұлдарының соққыға жығылғанын айтып, жарақаттың басқа жағдайда алғанын дәлелдеуге тырысты.

2024 жылдың маусымында Бас әскери прокуратура тергеу «Әскери қызметшілер арасындағы жарғылық қарым-қатынас қағидаларын бұзу» бабы бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Ұлттық ұлан бұл істің тергелуі ІІМ Әскери-тергеу департаменті басшылығының бақылауында екенін мәлімдеген.

Ербаянды емдеуге еліміздің еріктілері 230 миллион теңгеге жуық қаржы жинап берді. Ол 2025 жылдың қаңтар мен қараша айларында Түркияда ем қабылдады.

Мамыр айында Ербаянның жағдайы күрт нашарлап, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл түрде жатқызылған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Ұқсас жазбалар

Жастар роман оқиды: ЕҰУ-да Қуаныш Жиенбаймен кездесу өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жазушы Қуаныш Жиенбаймен кездесу өтті, онда «Аралқұмдағы ақырғы аялдама» романы…

Тоқаев Брюссельде Тони Блэр және еуропалық бизнес көшбасшыларымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельде Тони Блэр, Groupe ADP, Inditex Group және Mediterranean Shipping Company басшыларымен кездесіп,…

Тоқаев еуропалық серіктестерді ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасуға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінде еуропалық серіктестерді ауыл шаруашылығы…