3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

3 шілде күні Астанада жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың үш ауданында электр энергиясы уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алматы ауданында 08:30-16:30 аралығында Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында және Шынырау, Масаты, Қобыз, Төлебаев, Бесбалық, Сарын, Қошқарбаев, Айнакөл, Өзбек Әлі Жәнібек, Сарыағаш, Өтікен, Енесай, Орхон, Бұлбұл, Ақтоған, Әлқоңыр, Бырымжановтар, Сүтбұлақ, Бозшолақ, Жұмабаев, Тайқазан, Көжілек, Бесшалқар, Ахметбеков, Бозінген, Қордай көшелерінде жарық болмайды. Сондай-ақ 08:00-18:00 аралығында Metro, Оберег, Ырыс тұрғын үй кешендерінде, Шаймерденов, Төлебаев, Қапал көшелеріндегі бірқатар үйлерде, Промышленный кенті мен оған іргелес көшелерде, Мичуринец, Почтовик, Зелёная роща, Зелёный остров және Ударник бау-бақша серіктестіктерінде электр қуаты уақытша тоқтатылады.

Нұра ауданында 09:00-13:00 аралығында Үркер тұрғын алабында, Жәменке Абыз көшесі, Е-645, Е-646 және Е-647 көшелеріндегі бірқатар үйлерде жарық өшеді.

Сарыарқа ауданында жөндеу жұмыстарына байланысты 13:30-16:30 аралығында Көкжиек, Бабатайұлы, Ақтау, Болашақ, Аққорған, Новостройка және Байқоңыр көшелерінде электр энергиясы уақытша болмайды.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…