29 маусымда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

Сурет: pexels.com

Қазгидромет 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, оған сәйкес еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында батыс пен оңтүстікте аздаған жаңбыр, таулы аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Жел батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Күндіз 35-38 градус ыстық болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында батыс, солтүстік және таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, таулы аймақтарда 15-20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с жетеді. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында шығыс пен оңтүстікте жаңбыр, найзағай, күндіз батыс, солтүстік және шығыста бұршақ пен дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-37 градус ыстық болады. Өрт қаупі жоғары және төтенше.

Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, солтүстік, шығыс және оңтүстікте бұршақ пен дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с жетеді. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай, күндіз батыс, солтүстік және орталықта бұршақ пен дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с жетеді. Күндіз 35-38 градус ыстық болады. Өрт қаупі жоғары және төтенше.

Қарағанды облысында батыс пен солтүстікте жаңбыр, найзағай, нөсер, бұршақ және дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз орталықта 35 градус ыстық болады. Өрт қаупі жоғары және төтенше.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, батыс пен оңтүстікте кей уақытта бұршақ пен дауыл болады. Жел батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұқсас жазбалар

POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Шара «Заң мен…

Францияда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

Францияда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. Бортта ұшқыш, парашют нұсқаушылары және тандем…

Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты

Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты. Президент міндетін…