Басты тақырып

22 маусымда еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сурет: Pixabay

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 22 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Талдықорған, түнде Теміртау және Қарағанды қалаларында күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Көп оқылғандар