18 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: ТЖМ

Қазгидромет 18 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Орталықта солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, орталық пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі, шығыс пен батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстікте 37 градус қатты ыстық болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, оңтүстік пен батыста жоғары өрт қаупі, солтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жоғары өрт қаупі бар. Қонаевта күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с, күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Атырау облысының батысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз оңтүстікте 35-37 градус қатты ыстық болып, оңтүстікте жоғары өрт қаупі, батыста, шығыста, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстікте, орталықта солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, оңтүстікте жоғары өрт қаупі, шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с, күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман болады. Күндіз батыста, шығыста, оңтүстікте солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық болып, оңтүстікте жоғары өрт қаупі, оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста, оңтүстікте тұман болады. Күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Батыста, оңтүстікте солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстікте, орталықта, солтүстік-батыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстікте, шығыста, орталықта солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, батыста, солтүстік-шығыста, шығыста, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 43 градус ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 18-20 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды…

Қосшыда қазан айында жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Қор басшысы Президентке биылғы бес айдың…