Сурет: istockphoto.com
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 11 маусымда еліміздің көп жерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жауын-шашын жиілеп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы +26…+28 градус болады. Алматыда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз +25…+27 градус жылы болады.
Ең ыстық ауа райы Түркістан, Шымкент және Атырау қалаларында сақталады. Бұл өңірлерде күндізгі температура +34…+35 градусқа дейін көтеріледі. Тараз бен Қызылордада да аптап ыстық болады.
Ақтау, Орал, Тараз және Түркістан қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қалған өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай болады.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

