Сурет: ашық дереккөзден
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта мұндай төлем соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табыстың 45 пайызы мөлшерінде төленеді. Төлем мерзімі әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтілге байланысты анықталып, бір айдан алты айға дейін созылуы мүмкін.
Жаңа ереже бойынша, 1 қазаннан бастап төлемнің ең жоғары мөлшері жеті ең төменгі жалақының 45 пайызымен шектеледі. 2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге деңгейінде белгіленген.
Әлеуметтік төлем алу үшін азамат алдымен жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Жұмыссыз мәртебесі берілген күннен бастап төлемге құқық туындайды.
