Сурет: Жайық Пресс
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің политехникалық институтының ашық аспан астындағы мұражайы тағы бір құнды тарихи жәдігермен толықты. Мұражай аумағында ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылған ДТ-75 тракторы өзінің құрметті орнын алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл игі бастама Қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Қ. Ажғалиев пен Қамқоршылық кеңесінің мүшесі У.Е. Жұмағалиеваның жетекшілігімен жүзеге асты. Экспонатты университет аумағына жеткізу, арнайы техника мен кранның көмегімен түсіру, сондай-ақ арнайы белгіленген орынға орнату жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Осыған байланысты «Белес» компаниясының басшылығына, «Авангард» ЖШС-не тракторды мұражай экспонаты ретінде ұсынғаны үшін зор алғыс білдіреміз!
Сондай-ақ, экспонатты политехникалық институт аумағына жеткізуге, кранмен түсіруге және белгіленген орынға орнатуға қатысқан барлық адамдарға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Бұл – тарихи мұраны сақтауға, оқу орнымыздың тарихын насихаттауға және жастардың өткенге деген құрметін тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.
Іс-шараға 4-курс студенттері қатысты. Кездесу барысында техника ғылымдарының докторы Е.С. Айталиев сөз сөйлеп, Жәңгір хан атындағы оқу орнының құрылу тарихы, қалыптасу кезеңдері және бүгінгі күнге дейінгі даму жолы туралы әңгімеледі.
Политехникалық институт директоры Ж.Қ. Кубашеваның атынан мұражай қорын жаңа экспонатпен толықтыруға үлес қосқан ұйым өкілдеріне, сондай-ақ осы игі және маңызды бастамаға қатысқандардың барлығына алғыс білдірілді.
Өз кезегінде 4-курс студенті де алғыс сөздерін айтып, университет тарихын оқып-үйренудің және тарихи жәдігерлерді жастар үшін сақтаудың зор маңызын атап өтті. Ол ұйымдастырушыларға және осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендердің барлығына ризашылығын білдірді.
ДТ-75 тракторы – жай ғана ауыл шаруашылық техникасы емес. Бұл – адамдардың еңбегін, ауыл шаруашылығының дамуын, техникалық прогресті және бірнеше ұрпақтың жанқиярлық еңбегін бейнелейтін тарихи экспонат.
Бұдан былай бұл трактор институтымыздың ашық аспан астындағы мұражайында тұрақтайды және студенттер мен оқытушыларға, университет қонақтарына және жас ұрпаққа тарихқа қол тигізіп, өткен туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін құнды жәдігерге айналады.
Осы маңызды іске қатысып, үлес қосқандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз!
Тарихты сақтау – өткенді құрметтеу, ал өткенді құрметтеу болашаққа жол ашады.
Жаңа экспонат университетіміздің тарихына лайықты қосымша және болашақ ұрпақ үшін құнды мұра болсын!
Политехникалық институт директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, доцент м.а., техника ғылымдарының кандидаты
