Сурет: ашық дерекөзден
Үндістанның Батыс Бенгалия штатында Ганг өзенінің тасуынан жағалаудағы көне Шива ғибадатханасы су астында қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қираған ғимараттың салынғанына шамамен 150-175 жыл болған. Өзен арнасынан асып, маңайдағы тұрғын үйлер мен жүздеген гектар егістік алқаптарын су басты.
Мамандар бұл апатты маусымдық нөсер жауын мен өзен жағалауларының эрозиясының жиілеуімен байланыстырып отыр. Жергілікті билік қауіпті аймақтан халықты эвакуациялау және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын бастады.
