Қоғам

Тегін дәріні сатқан 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйымға айыппұл салынды

Сурет: istockphoto.com

Цифрлық таңбалау жүйесі арқылы заңбұзушылықтар анықталды. Дәріхана желілері арқылы осындай дәрі-дәрмектің 26 мыңнан астам қаптамасын сатуға әрекет жасалған. Осыдан кейін мамандар 106 медициналық ұйым мен дәріханаға тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асты. Ал келтірілген алдын ала шығын 36 миллион теңгеден жоғары деп бағаланып отыр.

Шілде айында Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық таңбалау жүйесі екі жыл ішінде дәріханаларда тегін берілетін дәрі-дәрмекті қайта сату бойынша 25 мыңнан астам жағдайды анықтағанын хабарлаған.

Қыркүйек айынан бастап цифрлық таңбалау жүйесі биологиялық белсенді қоспаларға да енгізіле бастады. Ал 2027 жылы бұл жүйені медициналық бұйымдарға тарату жоспарланып отыр.

Көп оқылғандар