Categories Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады.

Құттықтауда Ги Пармеланның көшбасшылық қасиеті мен еліне қалтқысыз қызмет еткенінің арқасында жоғары сенімге ие болып, осынау биік лауазымға қайта сайланғаны жазылған.

Мемлекет басшысы Президенттің жаңа мерзімінде халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Швейцария дамудың даңғыл жолын жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда топырақты 3-5 жыл сайын міндетті зерттеу ұсынылды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен ведомство алқасының отырысында топырақты міндетті зерттеу ұсынылды.

Қазақстанда «Digital Qazaqstan» стратегиясы қабылданды

Мемлекет басшысы кең ауқымды цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жалпыұлттық стратегияны бекіту туралы…

Бекболат Молдабеков Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Бекболат Молдабеков Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Әділет вице-министрі қызметін…